Қазақстан • 03 Тамыз, 2022

Қазақстанда жанармай тапшылығы жоқ

426 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Нұр-Сұлтандағы «бензин тапшылығы» туралы  хабарламаларға түсініктеме берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жанармай тапшылығы жоқ

«Елде бензин тапшылығы жоқ. Бізде жанармай құю станциялары жанар-жағармай құю бекеттеріне қанша көлік кіретінін, қанша кететінін анықтайды. Олар өздерінің орташа шығындарын біледі, соның негізінде мұнай базаларынан немесе зауыттардан жанармайға тапсырыс береді», деп түсіндірді Болат Ақшолақов ОКҚ брифингінде.

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Нұр-Сұлтанда АИ-92 бензинінің қоры жеткілікті екенін қоса айтты.

Айта кетсек, шілде айының басында әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласында АИ-95 маркалы бензиннің тапшылығына байланысты ЖМҚС кезектері тіркелгені, сондай-ақ отын сатуға лимиттер белгіленіп, талондар енгізілгені туралы ақпарат тарады. Энергетика министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.