Оқиға • 03 Тамыз, 2022

Хаменованың сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Хаменованың сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды

Сот отырысы бүгін Атырау қаласындағы №2 сотта басталып, небәрі 20 минутқа созылды. Сот отырысы 11 тамызға ауыстырылды. Бұған Бақытгүл Хаменованың айыптау актісінің көшірмесін алмауы себеп болған.

Бұған дейін Бақытгүл Хаменоваға қатысты қылмыстық іс сотқа жеткенін хабарлаған едік. Облыстық соттың баспасөз қызметінен мәлім еткендей, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесінің 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС-нің директорына қатысты қылмыстық іс түскен.

Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова былтыр желтоқсанда ұсталып, қамауға алынды.