Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 тамызда Іле ауданында «Еңбек-Құйған» теміржолында жүк пойызы мен Аudi 100 көлігі соқтығысқан.
«Оқиға салдарынан көлік өртеніп, оның 40 жастағы жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Көлікте болған тағы үш ер адам түрлі дене жарақаттарымен орталық аудандық ауруханаға жеткізілді», деді полицейлер.
Жол-көлік оқиғасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша тергеліп жатыр.