Теннис • 04 Тамыз, 2022

Теннистегі тарихи жеңіс

158 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Чехияның Простеев қаласында өтіп жатқан 14 жасқа дейінгі командалық әлем чемпионатында тарихи жеңіске қол жеткізді.

Теннистегі тарихи жеңіс

Байрақты бәсекенің алғашқы айналымында Эквадор құрамасынан 2:1 есебімен жеңіліп қалған жерлестеріміз екінші кезеңде 2016 жылғы әлем чемпионы – Аргентинамен шеберлік байқасты. Аса тартысты өткен кездесуде қазақстандық жасөспірімдердің мерейі үстем болып, әлем чемпионатындағы тұңғыш жеңісіне қол жеткізді.

Бірінші матчта Даниэль Тазабеков Бенд­жамин Челияны тізе бүктірді. Жерлесіміз екі сетте – 7:5, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Содан кейін Заңғар Нұрланұлы Аргентина құрамасының көшбасшысы Данте Паганимен ойнады. Бірінші партияда Заңғар 6:2 есебімен басым түскенімен, қалған екі сетте аргентиналық сәтті өнер көрсетті – 6:1, 6:1. Матч тағдыры жұптық бәсекеде шешілді. Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабеков Данте Пагани – Бенджамин Челияны екі сетте тізе бүктірді – 6:1, 6:4. Қорытынды есеп – 2:1. Отандастарымыз кеше былтырғы әлем чемпионатының жеңімпазы Италиямен кездесті.