Спорт • 04 Тамыз, 2022

Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынында үш медаль

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Софияда жасөспірімдер арасында таеквондодан әлем чемпионатының екінші жарыс күні аяқталды. Қазақстан қоржынында үш медаль бар, деп хабарлайды Egemen.kz ҰОК-ке сілтеме жасап.

Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынында үш медаль

Қазақстандықтар арасында Әсет Ерғалиев (48 келіге дейін), Айдана Сүндетбай (46 келіге дейін) және Темірлан Тлеулес (51 келіге дейін) көзге түсті.

Айдана Сүндетбай финалда Оңтүстік Кореяның спортшысы Юн Сео Кимді жеңе алмады. Темірлан Тлеулес алтын медаль үшін күресте қарсыласы оңтүстіккореялық таеквондошы Янгтан ұтылды. 

Ал Әсет Ерғалиев командаға қола медаль әкелді.