Оқиға • 04 Тамыз, 2022

Эквадорда қатарынан 6 адамның сүйегі көмілген бейіт табылды

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Эквадорда бір қабірге жерленген алты адамның мәйіттерінің қалдықтары табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Эквадорда қатарынан 6 адамның сүйегі көмілген бейіт табылды

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, бейітті полиция Гуаякил қаласының оңтүстігінен анықтаған. Операцияға полиция иттері тартылды.

Мәйіттер жеке басын анықтау үшін медициналық сараптамаға тапсырылды. Биліктің хабарлауынша, соңғы айларда Гуаякил аймағында есірткі саудасын бақылауға тырысқан бандылар арасында қақтығыстар жиілеген.