Қостанай облысы Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы мұражайында атақты қобызшы, соғыс және еңбек ардагері Қазыбек Әбеновтің өзі ұстаған екі қобызы сақталған.

Бұл қасиетті аспаптың алғашқысын аталған музейге 1989 жылы Қазыбек қарияның өзі тапсырса, екіншісін, 2013 жылы қобызшының ұлы Бораш Қазыбекұлы тапсырған.
Жалпы, қобыз – көне аспаптардың бірі. Оның қай дәуірден бастау алғаны белгісіз болғанымен, халық арасындағы аңыз-әңгімелерде «Қобыздың атасы – Қорқыт» деп айтылады. Осы Қорқыт атадан жалғасқан қобызшылық өнер Торғай елінде кеңінен таралған. Арыға бармай-ақ XIX-XX ғасырларда бұл өңірде Тілеп Аспантайұлы, Баубек Есіргепұлы, Әлмағамбет (Арық бақсы), Зәкәрия Кәрібаев, Хамидолла Шәткенов секілді есімдері елге мәлім қобызшылар өмір сүрді. Осы тұлғалардың ізін баса шыққан Қазыбек Әбенов 1914 жылы Торғай жеріндегі Жыланшық өзенінің бойында дүниеге келген. Бала күнінен қобыз бен домбыраны қатар тартып, күйшілігімен, жыршылығымен аты шығып, әйгілі Баубек бақсыдан бата алған. 1935 жылы Қазақстанның халық ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрхан Ахметбеков ұйымдастырған Торғайдағы көркемөнерпаздар үйірмесіне қосылып, ауыл аралап, өнер көрсетеді.
Осыдан бастап айтулы өнер иесінің есімі елге жайылды. Түрлі өнер байқауларына қатысып, жүлдегерлер қатарынан көрінді. Мәселен, 1934 жылы Алматыда өткен халық шығармашылығының алғашқы байқауында белгілі қобызшы Жаппас Қаламбаевтан кейінгі екінші орынды иеленсе, 1937 жылы көрнекті композитор, өнер зерттеушісі Ахмет Жұбанов ұйымдастырған халық аспаптар орындаушыларының республикалық фестивалінде ұстазы Баубек бақсының «Қоңыржай» күйін орындап, бас жүлдені жеңіп алды. 1949 жылы Алматыда өткен қыл қобызшылардың байқауында да топ жарды. Сондай-ақ 1951 жылы Қазақстанның Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысып, ел мерейін асырса, 1952 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық көркемөнерпаздар байқауында жеке орындаушылар арасында лауреат атанды. Осы жетістігі үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталды. Белгілі өлкетанушы Шөптібай Байділдин ағамыз бір сөзінде Қазыбек қобызшыны академик Ахмет Жұбанов өзі құрған Қазақ ұлттық халық оркестріне бас қобызда ойнауға шақырғандығын айтады. Алайда ол кісі оркестр құрамында аз ғана мерзім өнер көрсетіп, отбасылық жағдайына байланысты туған жеріне қайтып оралады. Содан кейін 20 жылдан аса уақыт Амангелді аудандық Мәдениет үйінің директоры болып, ел ішіндегі мәдени жұмыстарға белсене араласып, ұлттық өнеріміздің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Қабілетті жастарды өнерге баулып, шәкірт тәрбиеледі. 1971 жылы оған Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атағы берілді.
Қазыбек атамыздың қобызшылығын ғана емес, сазгерлігін де өнерсүйер қауым мойындаған. Оның қобызға арнап «Сыбызғы», Қоштасу», «Торғай толғауы» атты жазған күйлерін жұртшылық жақсы біледі. Сонымен қатар дарынды өнерпаздың домбырашылығын да ел адамдары аузынан тастамайды. Ол «Көрұғылы», «Көрұғылы мен Безерген», «Қобыланды», «Алпамыс» атты көне жырлар мен Нұрхан Ахметбековтің «Ұры Қарға», Есім сері» поэмаларын таңнан-таңға ұрып айтып қана қоймай, домбыраға арнап «Жорға», «Жайлау», «Сахара» атты күйлерін шығарған. Сондай-ақ талантты қобызшының балалары да әке жолын жалғап, өнер жолын қуған. Әсіресе Сапар Қазыбекұлы саналы ғұмырын қыл қобызға арнап, әке мұрасын насихаттады.
Бүгінде Қостанай облысы Амангелді ауданындағы Мәдениет үйі Қазыбек Әбеновтің есімімен аталады.
Банктердің «бас ауруына» айналған несие айналымда игілікке жарайды
Қаржы • Бүгін, 22:09
АҚШ-та топ жарған қазақ екі алтын, бір күміс медаль олжалады
Спорт • Бүгін, 22:08
Аймақтар • Бүгін, 22:06
Мақсат – сапалы білімге қол жеткізу
Саясат • Бүгін, 22:05
Жаңа Зеландия: Ардерннің беделі түсіп барады
Әлем • Бүгін, 22:04
Израиль мен Палестина мәмілеге келді
Әлем • Бүгін, 22:03
Микрокредит тұзағына түспес үшін...
Қаржы • Бүгін, 22:01
Қоғам • Бүгін, 22:00
Мал бағуды неге жеңілдетпеске?
Қоғам • Бүгін, 21:59
Гузалия Гафурова: Азия ойындарында үшінші рет топ жарғым келеді
Сұхбат • Бүгін, 21:58
Әдебиет • Бүгін, 21:56
Әдебиет • Бүгін, 21:55
Әдебиет • Бүгін, 21:54
Аймақтар • Бүгін, 21:53
Технология • Бүгін, 21:52
Экология • Бүгін, 21:50
Экология • Бүгін, 21:48
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Бүгін, 21:47
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Бүгін, 21:45
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Бүгін, 21:44
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Бүгін, 21:42
Қоғам • Бүгін, 21:42
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 21:38
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Бүгін, 21:37
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Бүгін, 21:35
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Бүгін, 21:32
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Бүгін, 21:32
Лондон мұражайы нигериялық артефактілерді қайтарады
Әлем • Бүгін, 21:07
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Бүгін, 20:48
Елордада мемлекеттік грант алуға өтінімдер қабылдау басталды
Елорда • Бүгін, 20:20
Абай облысының мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:21
Қазақстандық теннисшілер ITF World Tennis Tour W25 турнирін сәтті өткізіп жатыр
Теннис • Бүгін, 19:13
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Бүгін, 18:45
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Бүгін, 18:25
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:10
Оңтүстік Кореяда кейінгі 80 жылда болмаған жаңбыр жауды
Әлем • Бүгін, 17:55
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Бүгін, 17:41
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:11
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:59
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Бүгін, 16:48
Ұқсас жаңалықтар