Теннис • 05 Тамыз, 2022

Ширек финалға шықты

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Чехияның Простеев қала­сында өтіп жатқан командалық әлем чемпионатында былтырғы жеңімпаз – Италия құрамасын тізе бүктірді.

Ширек финалға шықты

Кортқа бірінші болып жерлестерімізден Даниэль Тазабеков шығып, Сальваторе Тартальонемен шеберлік байқасты. Алғашқы партияда Даниэль қарсыласына бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Екінші сеттің бесінші геймінде брейк жасап, сол басымдығын матч соңына дейін сақтап қалды – 6:3. Заңғар Нұрланұлы мен Антонио Марильяно да аса тартысты матч өткізді. Бірінші партияда италиялық спортшының бағы жанды – 6:4. Екіншісінде де ол «ә» дегеннен 3:1 есебімен алға шықты. Дегенмен одан кейінгі сеттерде Заңғар таразы басын теңестіріп қана қоймай, партияны өз пайдасына жазды – 6:4. Үшінші, шешуші партияның сегізінші геймінде қазақстандық теннисші брейк жасап, содан кейін өзі доп бергенде матчтың нүктесін қойды – 6:3.

Осылайша, әлем чемпиондарын ұтқан Қазақ­стан жасөспірімдер құрамасы тарихта алғаш рет дүниежүзілік доданың ширек финалына шы­ғып, үздік сегіз команданың қатарына енді. Жер­лестеріміз топтық кезеңнің алғашқы матчында Эквадорға 1:2 есебімен жол берсе, келесі күні Аргентинаны дәл осындай есеппен жеңген еді.