Спорт • 05 Тамыз, 2022

Жігіттер жеңіп, қыздар сүрінді

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістандағы дүниежүзілік шахмат олим­­пиа­­дасының алтыншы күнінде бір­қатар тосын нәтиже тіркелді. Қазақ­станның ерлер құрамасы бұл турда Чехиядан басым түссе, қыздар құрамасы Әзер­байжан шахматшыларына жол берді.

Жігіттер жеңіп, қыздар сүрінді

Ерлер арасындағы алтыншы тур бәсекесінде қазақстандықтар әлемдік рейтингте 13-орында тұрған Чехия құрамасымен жолығып, 2,5-1,5 есебімен айласын асырды. Қазыбек Нөгербек пен Арыстанбек Оразаев қарсыластарын жеңіп, бір-бір ұпайға қол жеткізсе, Ринат Жұмабаев тең ойнады. Ал Әлішер Сүлейменов жеңіліп қалды. Айта кетейік, Қазыбек Нөгербек қатарынан алты ойында қарсыластарынан басым түсіп отыр.

Өкінішке қарай, қыздарымыз Әзербай­жан шахматшыларының қарқынына төтеп бере алмады – 1:3. Бұл ойында Жансая Әбді­мәлік пен Бибісара Асаубаева тең ойнаса, Ксения Балабаева мен Гүлісхан Нах­баева қарсыластарына есе жіберді.