Спорт • 05 Тамыз, 2022

Софияда жүлделі болды

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Болгарияның бас шаһары – Софияда таэквондодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бұл сында Қазақстанның ерлер және қыздар құрамасы да өнер көрсетуде.

Софияда жүлделі болды

Әлемдік доданың екінші күнінде Қазақстан құрамасының қоржынына үш медаль түсті. Ерлер арасында 51 килоға дейінгі салмақта сынға түскен Темірлан Тілеулес пен қыздар бәсекесінде 46 килода даянгқа шыққан Айдана Сүндетбай күміспен күптелсе, Әсет Ерғалиев (48 кило) қоланы қанағат тұтты.

Бас жүлде үшін өткен финалдық бәсекеде Айдана Сүндетбай Оңтүстік Корея спортшысы Юнсео Кимнен айласын асыра алмады. Сондай-ақ Темірлан Тілеулес те Оңтүстік Корея спортшысынан ұтылып қалды.

Софиядағы әлем чемпионатында Қазақ­станның 20 спортшысы өнер көрсетуде. Жас­өспірімдер арасындағы әлем біріншілігі 7 тамызда мәресіне жетеді.