Премьер-Министр Әлихан Смайылов Қазақстанға ресми сапармен келген Парсы шығанағындағы Араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің Бас хатшысы Найеф Фалах Мубарак Әл-Хаджрафпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық салалардағы, энергетика және агроөнеркәсіптік сектордағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. ҚР Премьер-Министрі Қазақстан Ұйым елдерімен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін атап өтті.
«Бізде сауда және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың әлеуеті зор. Қазақстан барлық инвесторлар үшін қолайлы іскерлік ахуалды одан әрі қамтамасыз етуге дайын. Сондықтан осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Кеңес елдерінің іскер топтарын бірлескен жобаларды іске асыруға шақырамын», деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысы Қазақстан Парсы шығанағы елдеріне жоғары сапалы ұн, майлы дақылдар және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын жеткізуді ұлғайтуға, сондай-ақ транзит саласындағы өзара іс-қимылды, оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту есебінен нығайтуға дайын екенін атап өтті. Бұл ретте Әлихан Смайылов мемлекетаралық байланыстарды одан әрі дамыту үшін ұшу географиясын кеңейту мәселесін пысықтау, оның ішінде Қазақстаннан Оман мен Бахрейнге тікелей рейстер ашу қажет екенін айтты. Өз кезегінде Найеф Фалах Мубарак Әл-Хаджраф ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында Сауд Арабиясына жасаған сапары араб елдерімен қарым-қатынасты нығайтуға үлкен үлес қосқанын атап өтті.
«Парсы шығанағы елдерінің Қазақстанға инвестиция салу бойынша көп жоспарлары бар. Ынтымақтастықтың өзара тиімді бағыттарын айқындау үшін бірлескен бизнес-форумдар ұйымдастыру қажет деп санаймыз. Атап айтқанда, біз энергетика, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларындағы серіктестікті дамытуға мүдделіміз», деді Парсы шығанағындағы Араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы.
Әдебиет • Бүгін, 21:55
Әдебиет • Бүгін, 21:54
Аймақтар • Бүгін, 21:53
Технология • Бүгін, 21:52
Экология • Бүгін, 21:50
Экология • Бүгін, 21:48
Облыс орталығында мыңдаған ағаш қурап қалды
Аймақтар • Бүгін, 21:47
Елордаға Түркістан театры келеді
Театр • Бүгін, 21:45
Облыс орталығында жарықсыз отыр
Аймақтар • Бүгін, 21:44
Ар ұстанымы, имандылық және серт
Абай • Бүгін, 21:42
Қоғам • Бүгін, 21:42
Кәсіпкерді өлтірген күдіктілер ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 21:38
Қаржы пирамидасы: Алданғандар азаяр емес
Қоғам • Бүгін, 21:37
Неплюев училищесінде оқыған қазақтар
Тарих • Бүгін, 21:35
Дүниесі түгенделмеген дүр-мәдениет
Өнер • Бүгін, 21:32
Әл-Фараби және қазақ аспаптары
Өнер • Бүгін, 21:32
Лондон мұражайы нигериялық артефактілерді қайтарады
Әлем • Бүгін, 21:07
Қазақстан Түркиямен барлау әскери ақпаратымен алмасатын болады
Қазақстан • Бүгін, 20:48
Елордада мемлекеттік грант алуға өтінімдер қабылдау басталды
Елорда • Бүгін, 20:20
Абай облысының мемлекеттік қызмет істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 19:21
Қазақстандық теннисшілер ITF World Tennis Tour W25 турнирін сәтті өткізіп жатыр
Теннис • Бүгін, 19:13
Ақтау әкіміне сөгіс жарияланды
Аймақтар • Бүгін, 18:45
Бішкекте қазақ кинолары көрсетілді
Кино • Бүгін, 18:25
Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 18:10
Оңтүстік Кореяда кейінгі 80 жылда болмаған жаңбыр жауды
Әлем • Бүгін, 17:55
Мемлекет басшысы Әлихан Смайыловты қабылдады
Президент • Бүгін, 17:41
Қостанайда жоғалған қызды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 17:11
Интернет арқылы есірткі сатқан павлодарлық сотталды
Оқиға • Бүгін, 16:59
Алматыда екі көше жартылай жабылады
Аймақтар • Бүгін, 16:48
Түркия Қазақстанға 3,5 мың дана Құран кітабын сыйлады
Қазақстан • Бүгін, 16:37
eGov Mobile қосымшасында «Денсаулық» бөлімі іске қосылады
Медицина • Бүгін, 16:25
Биыл мектеп формасы өзгермейді
Білім • Бүгін, 16:14
Экономика • Бүгін, 15:54
Мектеп оқушыларына берілетін қаржылай көмек көлемі артады
Білім • Бүгін, 15:43
«ҚазТрансГаз Аймақ» лауазымды тұлғаларына қатысты іс тергеліп жатыр
Оқиға • Бүгін, 15:32
Министрлердің халықпен 227 кездесуі жоспарланған
Үкімет • Бүгін, 15:27
Үш қазақстандық ЖОО ғылыми зерттеу мәртебесін алады
Білім • Бүгін, 15:12
Жетісу облысының ТЖД басшысы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:08
Алматыға QazVac пен Pfizer-дің 60 мыңға жуық дозасы жеткізіледі
Коронавирус • Бүгін, 14:55
Маңғыстауда электр энергиясын ұрлағандар сотталды
Оқиға • Бүгін, 14:42
Ұқсас жаңалықтар