Қазақстан • 06 Тамыз, 2022

Қазақстан Әзербайжанға қолдау көрсетуге дайын - СІМ

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лондондағы елшілікке экстремистердің шабуылынан кейін Қазақстан Әзербайжанға қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Қазақстан Әзербайжанға қолдау көрсетуге дайын - СІМ

«Халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзу актілері жалпыға бірдей айыптауды және олардың ұйымдастырушыларын жауапкершілікке тарту мақсатында мұқият тергеуді талап етеді. Дипломатиялық өкілдіктер мен олардың қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісі қабылданбайды», деп атап өтті ведомство.

Еске салайық, 4 тамызда діни радикалдар Лондондағы Әзербайжан елшілігіне шабуыл жасаған болатын. Дипломаттар зардап шеккен жоқ.