Руханият • 07 Тамыз, 2022

Ескі мен жаңа арасы

249 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парижде тұратын досымыз қонаққа келіп, еліміздің табиғатын көрсін деп Бурабайға апардық. Табиғатына қызықты, бітік өскен ну орманға таңырқады. «Біздің табиғат шетелдегіден қалыспайды, бәрі қазақтың жері, ен даласы, ешкім әкеліп самырсындарды екпесе де, табиғат ана өзі баптап, күтіп жатыр», деп мақтанып та алдық.

Ескі мен жаңа арасы

Жұмбақтасқа жазылған қыздардың есімі

Сәлден соң қайыққа отырып Жұмбақтасқа қарай бет алдық. Бір кезде досымыз тастың бетіндегі аламыштап жазылған кісі аттарын көріп, налыды. «Осындай қасиетті де көрікті жерге неге әлдекімдердің атын жазып, сиқын кетіреміз? Жақсы көрген адамының есімін тасқа емес, жүрекке жазу керек қой», деген сөзін де айтып үлгерді. Оның сөзінен селт етіп, Жұмбақтастың бұжыр-бұжыр бетіне көз салдым. Осыған дейін осы жерге бірнеше рет келіп едім, байқамаппын, шынымен, тастың беті қыздардың, әлдебір әйелдердің есіміне толып тұр екен. Тіпті кейбірін биікке өрмелеп шығып, тастың «тамағына» жазып қойыпты.

Сол сәт менің ойымда «ежелгі адамдар тас бетіне тарихты таңбалап жазып қалдырса, қазіргі адамдар тас бетіне сүйген қызының немесе қолы жетпеген әйел затының атын жазатын болды», деген сөз жаңғырып тұрды.

Пойыздағы домбыра дауысы

Пойызбен кетіп барамыз. Бір кезде біз отырған вагоннан қоңыр күйдің әуені естілді. Жанға жайлы, жүрекке жылы тиіп барады. Сәлден соң іші пысты ма екен, күй шертіп отырған жігіт домбырамен ән салып, жолаушыларды өзіне бау­рады. Бірін аяқтаса, бірін бастайды. Дауысы ғажап, қоңыржай. Біз естіген-естімеген халық әндерін нақышына жеткізіп, орындады. Бір сәтте ортаңғы төсекте жатқан егде әйел кісі «мазамды алма, неменеге айқайлайсың? Сенің концертің бізге қызық емес, дұрыстап шай да ішкізбедің!» деп айқай салды. Қияңқы кемпірдің орынсыз қиғылығына ол көнсін бе, «Өз елім менің, өзегім менің, жырыма қосып жүремін» деп асқақтатып ала жөнелді. «Шайдан» құр қалған кісі тағы да айқай салып, ауыр сөз айтты. Сонда әлгі жігіт жай ғана «Ғапу етіңіз, дегенмен бір сергіп қалдыңыз ғой», деді жай ғана. Мәдениетті түрде берілген жауап үшін оған бәрі разы болды. Ұлан-ғайыр даланы бетке алып келе жатқан пойыздың үні домбыра үнімен үндесіп кеткендей. 

Соңғы жаңалықтар

Тазалыққа жұмылған жұрт

Аймақтар • Бүгін, 22:30

Сан қырлы қаламгер

Қоғам • Бүгін, 22:20

Жанған хаттан жазу оқыған

Таным • Бүгін, 22:00

«Мона Лиза» көшіріле ме?

Мәдениет • Бүгін, 21:45