Қоғам • 08 Тамыз, 2022

Халықаралық байқауда бас жүлде алды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Грузияда өткен Халықаралық бай­қауда қарағандылық 14 жасар Айбек Қасымханов бас жүлдені жеңіп алды.

Халықаралық байқауда бас жүлде алды

Талантымен топ жарған Айбек Қасымханов – алты жасынан бас­тап домбыра тартуды үйреніп, содан бергі аралықта талай мәрте өнер сайыстарына түскен өрен.

– Мен Қарағандыдағы маман­дан­дырыл­ған музыка мектеп-интернатында домбыра­мен ән айту сыныбында оқи­мын. Менің жетекшім – Аза­мат Түсіпбеков. Көптеген облыс­тық, рес­публикалық және халық­ара­лық байқау мен фести­валь­ға, сондай-ақ «Қазақстан дауысы» жобасына қатысып, жүлделі орындарға ие болдым, – дейді Айбек Қасымханов.

Грузиядағы халықаралық бай­қауға жас өнер­паз Түркия­дағы жеңісінен кейін жолдама алған.

– Өткен жылы мен Алматыда өткен халық­аралық байқауға қатысып, бірінші орын алдым, содан маған Түркияда ұйым­дастырылған өнер сайысы­на жолдама берілді. Мен онда да бірінші болып, Грузияда өте­тін халықаралық музыкалық бай­қауға қатысуға шақырту алдым. Шілде айының соңында ол жерге барып, сәттілік серігім болып, Гран-при жеңіп алдым. Келесі жылы тағы да Грузиядағы музыкалық жа­рысқа қатысуды жоспарлап отырмын, өйт­кені мен сертификат еншіледім. Болашақта өз өмі­рімді музыкамен байланыстырғым келеді. Домбыра мен дәстүрлі халық әндерін дәріп­теймін. Мектепті бітіргеннен кейін Алматыдағы Қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға түсу жоспарымда бар, – дейді жас домбырашы.

Айбек Қасымханов негізі­нен халық әндерін орындайды. Түркия мен Грузиядағы бай­қау­ларда ол «Бастау» мен «Хәләулім» туындыларын шыр­қады. Айбек Қасымхановтың есімі «Қазақстанның алтын балалары» кітабына енді.