Қоғам • 08 Тамыз, 2022

Екі күнде алты киберқылмыс ашылды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Заманың түлкі болса, тазы боп шал» дегендей, қазір полицейлер де интернет-алаяқтарды құрықтау жолдарын жетілдіріп келеді. Шілденің 26-27-сі күндерінде Anti-fraud жедел-профилактикалық іс-шарасы режімінде жұмыс істеген солтүстікқазақстандық криминалдық полицейлер алты интернет қылмысты анықтады.

Екі күнде алты киберқылмыс ашылды

Сонымен бірге пин кодын біліп алып жасаған 14 қылмыс ашылды. Оның ішінде біреуі банк карточкасы арқылы ақшасын банкоматтан ұр­лап алу болса, қалғаны иелеріне не­сие ресімдеу жолымен жасалған қылмыстар.

Olx.kz, Krisha.kz, Kolesa.kz сайттарына және ВКонтакте, Instagram әлеуметтік желілеріне мониторинг ­жасау барысында бірнеше қылмыс­­тың­ жолы кесілді. Мәселен, бір авто­мобиль­ді сату туралы үш қаладан фейк хабарландырулар берілген. Алушы табылса, алдын ала төлеген ақшасы­нан айы­ры­лып қалар еді. Осындайлар­дан зардап шеккендер болса, оларды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Бұдан бөлек, Instagram-да спорт­тық киім сататын жалған дүкеннің аккаунты анықталды», деп толықтыра кетті облыстық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Марат Жұмалиев. – Алаяқтар Петропавлдағы мекенжайды көрсеткен, ал шындығында онда ешқандай сауда орны болмай шықты. Зардап шегуі мүмкін адамдарды анықтау бойынша шаралар қабылданды. Барлығы іс-шараның үш күнінде түрлі құқыққа қайшы контенті бар 60 сілтеме анықталып, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне тексеру және бұғаттау үшін жіберілді».

 

ПЕТРОПАВЛ