Спорт • 08 Тамыз, 2022

17 жылдан кейінгі жүлде

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл күндері Канадада байдарка мен каноэде есу бойынша әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлемнің ең үздік спортшылары бас қосқан жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары да өнер көрсетуде.

17 жылдан кейінгі жүлде

Жарыстың кезекті күнінде 200 метр қашықтыққа каноэде есу бойынша сынға түскен Қазақстан командасының өкілі, Азия чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы мен жүлдегері атанған 24 жастағы Виктор Степанов 39,44 уақыт көрсеткішімен мәреге үшінші жетіп, әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды. Бас жүлде Польша спортшысы Олексий Колядичке бұйырса, германиялық Нико Пикерт күміс жүлдені еншіледі.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан құра­масының байдарка мен каноэде есу бойынша 17 жылдан кейін жеңіп алған алғашқы, жалпы екінші медалі. Бұған дейін жерлестерімізден 2005 жылы ұйымдастырылған әлемдік додада Жеңіс Сатыбалдин де ел қоржынына қола жүлде салған болатын. Жеңіс те сол жылы дәл осы қашықтықта мәреге үшінші болып жеткен еді.