Спорт • 08 Тамыз, 2022

Ұлттық құрамада қалады

295 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан бірер күн бұрын қа­зақстандық және ресейлік БАҚ беттерінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ресейдің «Урал» командасының бас бапкері болуы мүмкін деген ақпарат тарап, қазақстандық жанкүйерлерді алаңдатып қойған еді.

Ұлттық құрамада қалады

Алайда Қазақстан футбол фе­де­ра­циясының баспасөз қызметіне сұхбат берген Магомед Адиев бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтып, ұлт­тық құрамадағы қызметін жалғастыра беретінін жеткізді. «Менің Қазақстан футбол федерациясымен келісімшартым бар, әлі аяқталған жоқ. Алда бізді маңызды екі ойын күтіп тұр. Сол себепті келісім аяқталмай, ешқайда кетпеймін. Ешқандай күмән келтірудің қажеті жоқ», деді М.Адиев.

Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасы қыркүйекте Ұлттар лигасы аясында елордада Беларусь құрамасын қабылдаса, сырт алаңда Әзербайжан футболшыларымен кездеседі.