«Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайының жұмысы штаттық режимде қалпына келді. Осыған байланысты, ертең, 9 тамыздан бастап №10 бағдардың түнгі автобустарының қозғалысы тоқтатылады. Бағдар қалыпты режимде сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді», делінген City Transportation Systems компаниясының Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта.
Еске сала кетейік, елорадалық әуе айлағының түнгі жұмыс режиміне уақытша көшуіне байланысты 15 шілдеден бастап түнгі автобустарды іске қосу туралы шешім қабылданған болатын.