Елорда • 08 Тамыз, 2022

Елордада Ұлы дала даңғылындағы көпір ашылды

528 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін жаңадан ашылған Ұлы Дала көпірінде қозғалыс басталды. Бұл тез дамып келе жатқан мегаполистің көлік инфрақұрылымы үшін стратегиялық маңызы бар көпірлердің бірі, деп хабарлайды  Egemen.kz қала әкімдігіне сілтеме жасап .

Елордада Ұлы дала даңғылындағы көпір ашылды

«Көпір Есіл ауданының даңғылдарын, атап айтқанда, Мәңгілік ел даңғылы, А.Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов, Nova city ауданы, «Мыңжылдық» аллеясын, «Тельман», «Промышленный» ТМ-ін айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді», делінген әкімдік хабарламасында.

Жаңа көпір жүктеме бойынша барлық заманауи талаптарға сәйкес келеді, қазіргі уақытта оның жүру бөлігі автомобиль қозғалысы үшін ашық, бірақ көпірдің өзін және тротуар бөлігін абаттандыру жұмыстары әлі де жалғасуда.г

н

Айта кетсек, қалада Тәуелсіздік даңғылындағы көпірдің құрылысы жалғасуда, ол 2023 жылы ашылады. Аталған көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалының ауданы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Хазірет Сұлтан мешітінің ауданы, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл, Момышұлы даңғылдарының сол жақ жағалауымен қосымша байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.