Бірлескен жобаның басты идеясы – бақылау-касса машиналарын пайдаланушыларына салық міндеттемелерін уақтылы орындау туралы, оның ішінде салық органына салық есептілігін толтырып, ұсыну бойынша тез және қолжетімді түрде еске салу.
Бастапқыда push-салық хабарламалары бақылау-касса машиналарын пайдаланушыларына мерзімдері басталғанға дейін және салық есептілігін ұсыну кезеңінде жіберіледі.
Сервис салық есептілігін белгіленген мерзімде ұсыну қажеттігі туралы салық төлеушілерді хабардар етіп отырады, яғни еске салады. Нәтижесінде, салық төлеуші міндеттемелерін уақтылы орындап, салық органдары шоттарды бұғаттау мен айыппұл салу сияқты шараларды қолданбауына септігін тигізеді деп күтілуде.
«Бүгіннен бастап салық төлеушілер бақылау-касса машиналары арқылы айлық, 2-тоқсан мен 1-жартыжылдық үшін салық есептілігін, оның ішінде 910.00-нысаны бойынша декларациясын, 2022 жылғы 15 тамыздан кешіктірмей ұсыну қажеттілігі туралы еске салатын push-салық хабарламаларын ала бастайды», деп хабарлады комитет өкілдері.