Спорт • 09 Тамыз, 2022

Үшінші орынға көтерілді

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахматтан Қазақстан әйелдер құра­масы Үндістанда өтіп жатқан дүние­жүзілік олимпиаданың кезекті тур ойынында Болгарияны жеңіп, әлемдік рейтингте үшінші орынға көтерілді.

Үшінші орынға көтерілді

Тоғызыншы тур аясында өткен бәсекеде жерлестеріміз Болгария шахматшыларынан 3:1 есебімен басым түсті. Бұл кездесуде Жан­сая Әбдімәлік пен Гүлісхан Нақбаева Қазақ­стан құрамасына жеңіс сыйласа, Бибісара Асаубаева мен Ксения Балабаева кездесуді тең есеппен аяқтады. Тоғыз турдан кейін әйелдер арасындағы әлемдік рейтингте Поль­ша құрамасы көш бастап тұр. Екінші орынға Үндістан құрамасы жайғасқан. Үздік үштікті Қазақстан шахматшылары түйіндеп тұр.

Ал Қазақстанның ерлер құрамасы тоғы­зыншы турда Сербия құрамасымен ойнап, 1:3 есебімен ұтылып қалды. Мұртас Қажығалиев пен Арыстанбек Оразаев ойындарын тең аяқтаса, Ринат Жұмабаев пен Әлішер Сүлейменов жеңіліп қалды. Жерлестеріміз бұл сәтсіздігінен кейін әлемдік рейтингте 25-орынға түсті.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20