Түркістан облысының «Мақтаарал» клубы кубок жолындағы бәсекенің төртінші турында-ақ плей-офф мәселесін шешіп қойған болса, бесінші турда келесі кезеңге жолдама алған тағы төрт клуб белгілі болды. Олар: «Қайрат», «Тараз», Шахтер» және «Астана». Алматылық клуб өткен турда сырт алаңда «Ордабасы» клубынан 3:1 есебімен басым түссе, «Тараз» Қостанайда «Тобылды» 3:5 есебімен тізе бүктірді. Сондай-ақ Қарағандының «Шахтері» Түркістанда «Тұранды» жеңіп кетті – 2:0. Ал «Астана» өз алаңында «Жетісумен» тең түссе де (2:2), келесі кезеңге шықты.
«Ордабасы», «Атырау», «Қайсар», «Каспий» және «Ақжайық» клубтарында әлі де плей-оффқа шығу мүмкіндіктері бар. Ол үшін аталған командалар алтыншы турда жеңіске жетуі керек. Ал «Ақтөбе», «Тобыл», «Тұран», «Ақсу», «Қызылжар» және «Жетісу» топтық кезеңнен шыға алмады.