Қазақстан • 09 Тамыз, 2022

Түркия Қазақстанға 3,5 мың дана Құран кітабын сыйлады

380 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия Дін қоры (TDV) мен Түркияның Дін істері басқармасы Қазақстандағы Құран оқу курстарына қатысушылар арасында мұсылмандардың қасиетті кітабының 3515 данасын таратты, деп хабарлайды  Egemen.kz Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Түркия Қазақстанға 3,5 мың дана Құран кітабын сыйлады

Іс-шарара Түркияның Радио және теледидар жоғары кеңесі төрағасының орынбасары Ибрагим Услу мен түріктің танымал актері Бахадир нишехироглудың қатысуымен өтті. 

Акция TDV және Түркияның Дін істері басқармасы бірлесіп бастаған «Құран менің сыйым болсын» жобасы аясында жүзеге асты. 

Айта кетейік, 2015 жылдан бері жобаны жүзеге асыру барысында 1 миллион 300 мың дана Құран кәрім таратылды. Кітаптар 81 елде 36 тілде басылған.