Абай • 10 Тамыз, 2022

Абай күні кең көлемде атап өтілуде

611 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін – Абай күні. Хакімнің туған күніне орай елімізде түрлі іс-шара, атап айтсақ, көрмелер, конференциялар, шығармашылық кештер ұйымдастырылуда.

Абай күні кең көлемде атап өтілуде

Мәселен, Нұр-Сұлтан қала­­сындағы Ұлттық акаде­миялық кітапхана мен Алматы қаласындағы Ұлттық кітап­хана ғимараттарының ал­дындағы алаңда сағат 11.00-де ғылыми-шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің, қос қала тұрғындары мен қонақтарының қатысуымен ұлы ақынның шығармаларына арналған поэ­зия кеші өтеді.

Сонымен қатар рес­пуб­ликалық музейлер (Орта­лық мемлекеттік музей, Ә.Қас­теев атындағы Мем­ле­кеттік өнер музейі және Ұлттық музей) Абай күніне орай іс-шаралар өткізеді. Атап айт­қанда, музей қорындағы жә­дігерлер негізінде Абай Құнан­­байұлының шы­ғар­машылығына арналған дәріс­тер ұйымдастырылады. Іс-шараларға Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының шығар­машылыққа баулитын мектептер оқушылары, жастар қатысады. Сондай-ақ дәрістер музейлердің әлеуметтік же­лілердегі парақшаларында жарияланады.

Айта кету керек, ұлы ақын­­ның рухани әлеміне ар­нал­ған түрлі іс-шаралар елі­міз­дің барлық өңірінде де жоспарланған.