Спорт • 10 Тамыз, 2022

Үздіктер қатарынан шығып қалды

97 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанда өтіп жатқан шахматтан дүниежүзілік олимпиаданың 10-турында Қазақстанның қыздар құрамасы жергілікті шахматшылармен, ерлер Хорватиямен шеберлік байқасты.

Үздіктер қатарынан шығып қалды

Жарыс қожайындарымен өткен кездесуде қазақстандық қыздар 0,5-3,5 есебімен жеңіліп қалды. Ел құрамасы сапынан Бибісара Асаубаева ғана тең нәтижеге қол жеткізсе, Жансая Әбдімәлік, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нақбаева қарсыластарына жол берді. Осылайша, 10 турдың қорытындысы бойынша Қазақстанның қыздар құрамасы 7 жеңіс, 1 тең және 2 жеңіліспен әлемдік рейтингте 8-орынға түсіп қалды. Бұл матчтың алдында жерлестеріміз үшінші орында тұрған еді.

Ал Қазақстанның ерлер құрамасы 10-турда Хорватиямен кездесіп, 3-1 есебімен басым түсті. Жерлестерімізден Әлішер Сүлейменов пен Арыстанбек Оразаев өз ойындарын жеңіспен аяқтаса, Ринат Жұмабаев пен Қазыбек Нөгербек тең түсті.

Соңғы жаңалықтар