Спорт • 10 Тамыз, 2022

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде бір саты төмендеді

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC Vegas 59 турнирі аясында өткен америкалық Джефф Нил мен бразилиялық Висенте Луке арасындағы жекпе-жектен кейін жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде өзгеріс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде бір саты төмендеді

Нил үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, рейтингте бірден бес саты жоғарылады, ол 13-орыннан 8-сатыға көтерілді.

Джефф Нилдің жартылай орта салмақтағы рейтингте алғашқы ондыққа енуіне байланысты қазақстандық Шавкат Рахмонов төмен сырғыды. Ол үздік ондықтан шығып, 11-сатыға жайғасты.

Айта кетейік, Рахмонов 26 маусымда америкалық Нил Мэгниді жеңгеннен кейін бір айдан аса уақыт үздік ондықтың қатарында тұрған.