Руханият • 10 Тамыз, 2022

Мәулен Әшімбаев: Абайдың тағылымы мол мұрасы қашанда қымбат қазына

163 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбев қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне орай facebook және instagram әлеуметтік желілерінде жазба қалдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев: Абайдың тағылымы мол мұрасы қашанда қымбат қазына

«Бүгін – қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туған күні. Осыған орай 2020 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 10 тамыз елімізде Абай күні болып белгіленді. Ұлы ойшылдың есімін ұлықтайтын атаулы күн құтты болсын!

Халқымыз үшін Абайдың тағылымы мол мұрасы қашанда қымбат қазына, ұлтымыздың рухани шамшырағы. Ойшылдың өсиеттері қай кезеңде де өзектілігін жоғалтпайтын құндылық, әр буынға бағдар болатын өнеге. Сондықтан ақынның дара тұлғасын ардақ тұту – әр қазақтың азаматтық борышы.

Абай күні құтты болсын! Ұлы ғұламаның есімі асқақтай берсін!», делінген жазбада.