Әлем • 10 Тамыз, 2022

Париж әуежайында оқ атылды – БАҚ

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париждегі Руасси-Шарль де Голль әуежайында пышақпен қаруланған ер адамның көзі жойылды, деп хабарлайды Egemen.kz Францияның полиция департаментіне сілтеме жасап.

Париж әуежайында оқ атылды – БАҚ

«Бүгін таңертең тәртіп сақшылары әуежайда жолаушыларды пышақпен қорқытқан ер адам оққа ұшті», деп жазылған полиция таратқан хабарламада.

BFMTV арнасының хабарлауынша, оған «суық қаруды таста» деген өтініш бірнеше рет айтылған. Тәртіпке бағынбай, қарсылық білдірген оны полицей атып өлтірген.

Оқиға 10 тамыз күні таңертең 2F терминалында болған.

 Valeurs actuelles журналисі Амори Брелеттің айтуынша, атыс таңғы сағат 8:45-те болған.