Елорда • 10 Тамыз, 2022

Елордалық өрт сөндірушілер тактикалық оқу-жаттығу өткізді

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті «MEGA Silk Way» COO-ның өртке қарсы қызметімен бірлесіп, толық көлемде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордалық өрт сөндірушілер тактикалық оқу-жаттығу өткізді

Жаттығу сценарийі бойынша СОО-ның екінші қабатында орналасқан бутиктердің бірінде өрт шығып, одан әрі іргелес аумаққа тараған. Ары қарай СОО қызметкерлері өртті анықтап, өрт сөндіру қызметіне хабар беріп, ғимараттан адамдарды эвакуациялауға кіріскен. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен MEGA Silk Way СОО-ның өрт сөндіру қызметінің күштерімен өрт сәтті сөндірілді. Оқу-жаттығуға барлығы жеке құрамнан 35 адам және 10 техника жұмылдырылды.

Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты – жұртты эвакуациялау және адам көп жиналатын ғимараттағы өртті сөндіру әдістері мен тәсілдерін әзірлеу. Сондай-ақ оқу-жаттығу барысында имитацияланған өртті жою және адамдарды ғимараттан қауіпсіз эвакуациялау бойынша СОО тиісті қызметінің дайындығы тексерілді, сонымен қатар сауда орталығының техникалық жабдықтары мен ескерту жүйесі сынақтан өтті.