Медицина • 11 Тамыз, 2022

Алуан ауруды анықтайтын аппарат

603 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облыстық ауруханасында алуан түрлі ауруды анық­тай­тын FibroScan аппараты іске қосылды. Енді бұл аппаратпен бауырдың зақымдануын, цирроз бен онкологиялық аурудың белгісін анықтауға жол ашылып отыр. Жаңа аппаратты «Теңізшевройл» ЖШС демеушілік көмекпен алып берді.

Алуан ауруды анықтайтын аппарат

Облыстық аурухананың функциональды диагностика дәрігері Алтынай Нұрышеваның айтуынша, осындағы гепотологиялық орталықта мұндай аппарат алғаш рет 2013 жылы алынған. Ал жаңа аппа­ратпен енді балалардағы сыр­қатты анықтауға мүмкіндік жа­салып отыр.

– ҒibroScan – бауырдың за­қым­­дану деңгейін дұрыс баға­лау­ға, болжауға, ағзадағы созыл­ма­лы диффуздық аурулардың динамикасына, яғни гепатиттің өршуі мен оның циррозға ауысуына бақылау жүргізетін аппарат. Жаңа аппаратпен бауырдағы онкологиялық аурудың ошағы да анықталады, – дейді Алтынай Нұрышева.

Оның айтуынша, ауру белгі­ле­рін анықтау еш жарақатсыз әрі қауіпсіз жүргізіледі. Науқасқа зерт­теу жүргізудің кері әсері жоқ. Па­циентті алдын ала тексеру, да­йындау, стационарға жатқызу қажет емес.

– Жергілікті дәрігердің жолдамасымен келген әр адам жаңа аппараттан тексеруден өте алады. Тексеру 10-15 минутқа созылады. Оның нәтижесі пациентке бірден беріледі. Ал бауырды фибросканерлеу бірнеше рет жүргізілуі мүмкін. Мұндай тексерудің диспансерлік бақылау мен терапияның тиімділігін қадағалау кезінде маңызы зор, – дейді А.Нұрышева.

 

Атырау облысы