Теннис • 11 Тамыз, 2022

Екінші айналымға шықты

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Михаил Кукуш­кин Чикагода (АҚШ) өтіп жатқан Чел­ленд­жер турнирінің екінші айналымына өтті.

Екінші айналымға шықты

Қазақстан теннис федерациясының мәлі­ме­ті бойынша, Кукушкин бастапқы кезде­суін америкалық Говинда Нандамен өткізіп, екі сағаттан аса уақытқа жалғасқан тартысты бәсекеде 3:6, 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Енді жерлесіміз турнирдің екінші кезеңінде хорватиялық Борн Гойомен кездеседі. Ол алғашқы айналымда әлемнің 102-ші, осы жарыстың 1-ракеткасы швейцариялық Хенри Лааксоненді 3:6, 7:6 (7:5), 6:4 есебімен ұтқан.

Сондай-ақ Канаданың Торонто қаласын­да өтіп жатқан Мастерс додасында Юлия Путинцева жұптық сында америкалық София Кенинмен бірге алғашқы айналымда мажар­стандық Анна Бондарь мен бельгиялық Кимберли Циммерманнан басым түсті – 7:6 (12:10), 7:5. Өкінішке қарай, Канаданың Монреаль қаласындағы турнирге қатысқан Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик алғашқы кездесуінде ұтылып, жарыс­тан шығып қалды. Сол сияқты Дмитрий Поп­ко мен Тимофей Скатов та Чикагодағы және Сан-Маринодағы Челленджер турнирлері­нің алғашқы айналымынан әріге аса алмады.