Бокс • 11 Тамыз, 2022

Промоутерлік орталық ашылады

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда кәсіпқой боксшылардың ісін жүргізетін Lucky Cent промоутерлік компаниясы құрылатын болды. Бұл туралы орталықтың негізін қалаушы Руслан Задарновский мәлімдеді.

Промоутерлік орталық ашылады

«Қазақстандағы ең танымал және нәтиже беріп жүрген бірден-бір спорттың түрі – бокс. Қазақ бокс мектебінің даңқы алысқа жайылға­ны баршаға мәлім. Біздің бұл промоутерлік компанияны құрудағы мақсатымыз – отан­дық ­боксшыларды тек Қазақстанда емес, шетелдерде де танымал ету», деді Р.Задарновский.

Қазіргі таңда Lucky Cent промоутерлік құрамында елімізге танымал, ішкі чемпионаттарда топ жарып, жүлдегерлер қатарынан көрініп жүрген бірқатар боксшы бар. Атап айтар болсақ, талай додада топ жарған Рустам Рустамов, 49 килода ел біріншілігінің жүлдегері Жандос Несіпжан, 2020 жылы 63 килода жеңіске жеткен Ертуған Зейнуллинов, сондай-ақ Андрей Лейхнер, Мирас Ертанов және Фарух Тоқтасынов енді өз бағын кәсіпқой ­бокста сынап көреді. Орталықтың ресми ­ашылуы 25 тамызда Алматыда өтеді.