«Міне, бәрі лентамен қоршалған. Бүлдіршін «Нива» тұрған жерден құлады», дейді видео авторы. Ол еріктілердің бірі болуы мүмкін.
Еске сала кетсек, 7 тамызда із-түссіз жоғалған Қостанай облысының Жамбыл кентінде бес жасар Мәдина Ерланқызының мәйіті 10 тамызда сағат 17:40-та үйден үш шақырым жерде орналасқан жасанды каналдан табылды. Полиция қыздың суға батып кеткен жері биік қабырғалары бар, суға толы арық екенін айтты.