Қоғам • 11 Тамыз, 2022

ІІМ қазақстандықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды

516 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы уақытта елде алаяқтық фактілерінің жиілеп кетуіне байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтарды қырағы болуға және негізгі сақтық шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ІІМ қазақстандықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды

ІІМ келесі сақтық шараларын ұстануға шақырады:

  • Ешқандай жағдайда банктер немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің несие беру, мүлікті сату және ақшасын қауіпсіз шоттарға аудару немесе несие беру туралы «телефон» нұсқауларын орындамаңыз. Құқық қорғау органдары телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейді;
  • Өзіңіздің дербес деректеріңізді, пластикалық карталардың деректемелерін ешкімге хабарламаңыз, аударымдар туралы түбіртектерді, оның ішінде кодтар мен кодтық сөздерді, тіпті банк, полиция қызметкерлері және т.б. болып таныстырылған тұлғаларға жеке ақпаратыңызды бермеңіз;
  • Белгісіз және тексерілмеген сайттарға жеке деректеріңізді жарияламаңыз. Тексерусіз алдын ала төлем жүргізбеңіз. Тауарды алғаннан кейінгі төлем туралы келісуге тырысыңыз;
  • Күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмаңыз;
  • Қолданбалар мен қосымшаларды орнату үшін тек App Store, Play Market және т.б. ресми көздерін пайдаланыңыз;
  • Төлем жасау үшін болжамды бағыттайтын немесе белгісіз тұлғалардан түскен spam-хабарламаларда болатын сілтемелер бойынша өтпеңіз.
  • Банкинг қызметтеріне қол жеткізу құпиясөздерін үнемі ауыстырып отырыңыз, 3D-қорғауды және банктер ұсынатын басқа да қауіпсіздік шараларын пайдаланыңыз;
  • Шоттардағы ақша айналымын жиі тексеріп отырыңыз.