Аймақтар • 11 Тамыз, 2022

Павлодарда жоғалған ана мен бала табылды

580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еріктілер онымен психологиялық әңгіме өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда жоғалған ана мен бала табылды

«VITA» еріктілерінің хабарлауынша, жедел іздестіру шарасы  барысында хабарсыз кеткен  20 жастағы Сәния Смакова табылды.

– Онымен сөйлесіп, сапаржайға келуге көндірдік. Әрі қарай анасына тапсырылды. Тәртіп сақшылары іздеу салу бойынша хабарламаны тоқтатты, түсініктеме алынды, – дейді еріктілер.

Естеріңізге сала кетейік, Сәния Смакова екі айлық баласымен 8 тамыз күні сағат 15:00-де Павлодар ауылындағы Абай көшесінен белгісіз жаққа шығып кеткен.

Туыстарының айтуынша, ол Павлодар қаласында тұратын құрбысына барған болу керек.