Тағайындау • 11 Тамыз, 2022

Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың өкімімен денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысы денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

«Облыс әкімінің өкімімен 2022 жылғы 8 тамыздан бастап Данияр Серікұлы Жандаев Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Ол бұрын Қостанай қалалық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарған», деп жазылған облыс әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.