Аймақтар • 11 Тамыз, 2022

Алматыда есірткі тасымалының жолы кесілді

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпы салмағы 24 келіге жуық есірткі заттары тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Алматыда есірткі тасымалының жолы кесілді

2022 жылдың басынан бастап Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері Алматы қаласының Әуе көлігі прокуратурасының үйлестіруімен есірткі заттарын жеткізудің 23 әрекетінің жолын кесті. Өткен 2021 жылы есірткі заттарын Қазақстанға әкелудің 14 фактісінің жолы кесілген.

Өткен жылы да, осы жылы да негізінен есірткі заттарын АҚШ, Канада және Нидерландыдан әкелуге тырысты. Ұсталған есірткі құралдарының 69,6% - ы АҚШ-тан әкелінгені байқалады.

Биыл 7 айда есірткі ұстаудың 23 фактісі анықталды, оның ішінде 16 «марихуананы» әкелу фактісі, 2 «гашишті» әкелу фактісі, 1 «MDMA (экстази) және кокаин» есірткі құралдары анықталғанын атап өткен жөн.

Қаскүнемдер есірткіні жеткізудің күрделі әдістерін қолдануда. Тұрмыстық техникада, ойыншықтарда, балалар тамағына арналған ыдыстарда және басқа да заттарда есірткі құралдарын әкелу әрекеттері жүзеге асырылған.

Соңғы жағдайды мысалға келтірсек, 2022 жылдың тамыз айында «Жетісу» кеден бекетінде халықаралық почта жөнелтілімдері учаскесінде «Rapiscan» кедендік бақылаудың техникалық құралдарын қолдану жолымен сәлемдемеге кедендік бақылау жүргізу кезінде есірткі заттарына күдікті сәлемдеме ұсталды. Сәлемдеме Одессадан Алматыға бағытталған. «TruNarc» портативті анализаторының мәліметтері бойынша, 200 «MDMA» таблеткалары мен 5 грамм ұнтақ мөлшеріндегі есірткі заттар «Экстази» және «Кокаин», олар балалар тамағының ішінде жасырылған.

Барлық материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау органдарына берілді.