Қоғам • 11 Тамыз, 2022

Қазақстанда қайырымдылық жасаған адамдарға атақ беріледі

648 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда қайырымдылықпен айналысып жүрген азаматтарға құрметті атақ беріледі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда қайырымдылық жасаған адамдарға атақ беріледі

«Қайырымды іс жасаған адамға немесе ұйымға құрметті атақ беріледі. Қазір оның ережесі мен талабы әзірленіп жатыр. Қайырымдылық жасағаны үшін берілетін құрметті атақ жыл сайын байқау негізінде тағайындалады. Атақ жеке адамға немесе ұйымға берілуі мүмкін. Кісінің немесе ұйымның жасаған игі істерін арнайы комиссия қарап, нәтижесінде құрметті атақ беру немесе бермеу туралы шешім қабылданады», деді Мадияр Қожахмет Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қайырымды жандарға берілетін құрметті атақ мемлекет тарапынан көрсетілген алғыстың белгісі.

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі әзірлеген «Кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлік қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мен сыйлықтар, дәрілік және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы ортаға салынды.

Министрлік өкілінің мәліметінше, аталған заң жобасын әзірлеуде жан-жақты талқылаулар жүргізіліп, жұртшылықтың ұсыныстары ескерілді.

Заң жобасы үш негізгі блоктан тұрады:

  • волонтерлік қызмет;
  • қайырымдылық;
  • үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау.