Оқиға • 11 Тамыз, 2022

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда ауруханада көз жұмған жүкті әйелдің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты тергеу басталды

«1990 жылы туған жүкті әйелдің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу ісі ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабымен «Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы» бойынша жүргізіледі», делінген ПД хабарламасында.

Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды.

Еске салсақ, Атырау облыстық ауруханасында түсік тастаған әйел қайтыс болған еді. Марқұм әйелдің артында екі кішкентай баласы қалды.