Әлем • 11 Тамыз, 2022

Оңтүстік Кореяда су тасқыны мен селден 11 адам көз жұмды

551 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сеул қаласы мен оның маңындағы аудандарда толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқыны мен сел құрбандарының саны 11-ге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңтүстік Кореяда су тасқыны мен селден 11 адам көз жұмды

Сеулде жаңбыр төртінші күннен бері толастар емес.  3,7 мыңнан астам үйді су басты. Ресми мәліметтерге сәйкес, сел салдарынан Сеулде алты, Кёнги провинциясында 3 адам және Ганвон провинциясында 2 адам қайтыс болды. Билік 8 адамның із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Мыңға жуық адам үйлерін тастап кетті.