«Союз-2.1б» ракета Байқоңыр ғарыш айлағынан 9 тамыз күні сағат 08:52-де ұшырылған.
«Басты миссиясы – ирандық «Хайям» спутнигін және басқа 16 кіші жерсеріктерін орбитаға алып шығу. Ракета ұшырылғаннан кейін бірнеше минут өткен соң «Фрегат» үдету блогы құрамындағы басты блок ракетаның үшінші деңгейінен бөлініп түсті. Ары қарай «Фрегат» орбитаға жол бастады», делінген жергілікті басылым таратқан хабарламада.
Бөлшектің құлауынан далада пайда болған өртті сөндіруге көршілес Амангелді ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды.