Қоғам • 11 Тамыз, 2022

Оңалту құралдарын портал арқылы алдыруға болады

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жыл басынан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы шамамен 204,8 мың мүгедектігі бар адам оңалтудың техникалық құралдарын, бұған қоса 6,6 мың адам ымдау тілі қызметін, 25,8 мың адам жеке көмекшінің қызметін алды. Сондай-ақ портал көмегімен кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға 59 мың тапсырыс рәсімделді.

Оңалту құралдарын портал арқылы алдыруға болады

Еңбек және халықты әлеу­мет­тік қорғау министрлігінің мәлі­меті бойынша Әлеуметтік қыз­меттер порталы мүгедектігі бар адамдар­ға оңалтудың тех­ни­калық құрал­дары (ОТҚ) мен қыз­меттерін өндіруші­ні және жет­кізушіні өз бетінше таң­дауға мүмкіндік береді. Көмек түріне тап­сырыс беру қызметті алушының электронды цифр­лық қолтаңбасымен растау ар­қы­лы жүзеге асырылады. Тап­сырыс бе­рілген құралдарды өз бетінше әке­те алады немесе же­т­­кізу қыз­меті ар­қы­лы алуға болады.

Мүгедектігі бар адамдар­ды оңал­ту құралдарымен қам­та­ма­сыз ету про­тездік-ортопе­диялық, сурдо­тех­ни­калық, тиф­ло­техникалық және гигие­налық құралдар, сондай-ақ кресло-арбалар беруді қамтиды.

Бүгінгі таңда порталда арнаулы әлеуметтік қызметтер көр­сететін 824 медициналық-әлеу­мет­тік мекеме (бөлімшелер), 246 ОТҚ жет­кізуші, 25 мың­нан аса жеке кө­мекші, 635 ым­­дау ті­лін қыз­­­метін, 90 сана­торлық-ку­­рорт­­­тық емдеуді, 65 кепілдік бе­ріл­­ген әлеуметтік топ­­та­маны жеткі­зушілер тіркелген.

«Әлеуметтік қызметтер порталы» автоматтандырылған ақ­параттық жүйесін енгізу Мүге­дектігі бар адам­дардың құқық­тарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөнін­дегі ұлттық жоспар шеңберінде қа­растырылған.

Қолдауға арналған байланыс орта­­лығына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, тілді таңдау және 5 санын басу арқылы порталды пайдалану бойынша кеңес алуға болады.