Футбол • 12 Тамыз, 2022

Шілде айындағы үздіктер анықталды

278 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы 2022 жылғы шілде айындағы ең үздік ойыншысын анықтау мақсатында OLIMPBET футболдан Қазақстан чемпионатында доп тебетін командаларының бас бапкерлері мен капитандары арасында сауалдама өткізді.

Шілде айындағы үздіктер анықталды

Дәстүр бойынша сауалдама­ға қатысатын респонденттердің әр­қайсысы өздерінің көзқара­сы бойынша бір айда өрелі өне­рімен көзге түскен үш үздік фут­болшыны таңдап алып, әрі қарай, орын­дар­ға байланыс­ты ойыншыларға ұпайлар бере­ді. Мәселен, ең үздік деп тап­қан футболшысына 3 ұпай, кейін­гісіне – 2, соңғысына 1 ұпай береді. Нәтижесінде, барлық ұпай­­лар жинақталып, айдың үз­дігі анықталады.

Шілде айының сауалдама қоры­тындысы бойынша Қа­зақ­­­станның ең үздік футбол­шысы деп «Ордабасы» мен Қа­зақ­стан ұлттық құрамасының жар­­тылай қорғаушысы Эльхан Астанов танылды. Шілде айында «Ордабасы» сапында бес ойында (чемпионатта бір, кубок жолындағы бәсекеде төрт матч) жасыл алаңға шыққан Астанов үш гол соғып, әріптестеріне үш мәр­те нәтижелі пас берген. Сауал­­дамада ол 51 ұпай жинады. Екін­ші орынды «Мақтаарал» шабуыл­шысы Рамазан Кәрі­мов иеленсе, үздік үштікті «Аста­на­ның» португалиялық жарты­лай қорғаушысы Педро Эуженио тү­йіндеді.

Сондай-ақ «Ордабасы» клу­бы­ның бас бапкері Александр Седнев шілде айының ең үздік бапкері атанды. Сауалдамаға қатысқан 14 бапкердің бесеуі өз дауысын Беларусь маманына берген. Александр Сергеевич биыл­ғы маусымда осымен екін­ші рет айдың үздік бапкері болып танылды. Бұған дейін ол сәуір айында үздік шыққан еді.

Екінші орынды Петропавл­дың «Қызылжарын» жаттық­ты­ратын қазақстандық жас маман Әли Әлиев иеленді. Ол өткен айда УЕФА Конференциялар лигасында сенсация жасап, хорватия­лық «Осиек» клубынан басым түскен болатын. Сондай-ақ шілде айының қорытындысы бойынша үшінші орынды Нүркен Мәзбаев («Тараз») пен Андрей Ферапонтов («Мақтаарал») өзара бөлісті.

Сонымен қатар Екінші ли­гада «Тұранның» жастар коман­дасының шабуылшысы Бақ­дәулет Зулфықаров төртінші ай қатарынан «Оңтүстік-Батыс» конференцияның үздік ойыншысы атанды. Шілде айында Зулфықаров «Атырау жас­тар» командасының қақпасы­на жеңіс голын соғып, жарыс­тың сұрмергендер тізімінде көш бас­тады. Екінші орынды «Оң­түстік академиясының» жастар командасының шабуылшысы Мағ­жан Тоқтыбай иеленді. Үз­дік үштікті «Тұран» жастар коман­дасының тағы бір футболшысы Ғани Сүлеймен қорытындылады.

Айта кетейік, ертең Қазақ­стан кубогы жолындағы топ­тық кезеңнің соңғы тур ойын­дары басталды. Бұл турда «Кас­пий» – «Ақжайық», «Мақта­арал» – «Тараз», «Қай­рат» – «Аты­рау», «Ақсу» – «Орда­басы», «Жетісу» – «Тұран», «Шахтер» – «Астана», «Ақтө­бе» – «То­был», «Қайсар» – «Қы­зыл­жар» клубтары кездеседі.