Елорда • 12 Тамыз, 2022

Елордада 26 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев онлайн-брифингте биыл бірінші сыныпқа 26 мыңға жуық бала баратынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада 26 мыңға жуық бала бірінші сыныпқа барады

Айта кету керек, осы жылы мектептердің кітапхана қоры қайта басылып шыққан 2-сыныптың оқулықтарымен жаңартылады. Бүгінде қорда 2,5 млн-нан астам оқулық бар.

«Жаңартылған оқулықтардың алғашқы топтамасы 12 тамызда жеткізіледі, беру 15 тамызда басталады. Қазір мектептер 1, 3-9 сыныптарға оқулықтар шығара бастады. Осы жылдың 25 тамызына дейін елорда оқушыларының 100%-ы оқулықтармен және оқу - әдістемелік кешендермен қамтамасыз етіледі», деді Қасымхан Сенғазиев.

Балалар санының өсуіне байланысты 1 миллионнан астам кітап сатып алынады.