Әлем • 13 Тамыз, 2022

Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Йеменде нөсер жауын мен су тасқынынан 77 адам қаза тапты. БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының баяндамасында осындай деректер келтірілген, деп хабарлайды Egemen.kz Анадолу агенттігіне сілтеме жасап.

 

Йеменде су тасқынынан 77 адам қаза тапты

Баяндамада 28 шілде мен 10 тамыз аралығында 35 мың адам су тасқынынан зардап шеккені және олардың көбі өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғаны айтылған.

Йеменнің 16 провинциясындағы 85 ауданда толассыз жаңбыр жауған. БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы елде 20 тамызға дейін жаңбыр жаууы мүмкіндігін хабарлады.