Хоккей • 15 Тамыз, 2022

Даярлықтарын пысықтады

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Нұр-Сұлтан­ның «Барысы» алдағы маусымға даярлануда.

Даярлықтарын пысықтады

Өткен аптада елордалық команданың сапы бірнеше ойыншымен толықты. Күні кеше ғана «Барыс» қақпашы Джелал-ад-Дин Әмірбеков, қорғаушылар Темірлан Гайтамиров пен Мәди Диханбек, шабуылшылар Андрей Рунов, Абай Маңғысбаев және Диас Гусейновты өз қатарына қабылдады. Олардың әрқайсысымен бір жыл мерзімге екіжақты келсімшарт жасалды. Бұл хоккейшілердің барлығы да осыған дейін Нұр-Сұлтанның «Номад» клубында ойнаған. Көп кешікпей Эдуард Шетле «Барыстың» жейдесін киді. 19 жастағы қорғаушы соңғы екі маусымды «Снежные Барсы» сапында өткізді. Қазақстан чемпионатының былтырғы маусымында ол 46 мәрте мұз айдынына шығып, 11 (3 гол+8 пас) ұпайға иелік етті.

Естеріңізге сала кетейік, ҚХЛ-дың тұрақты біріншілігі биыл 1 қыркүйекте басталып, келесі жылдың 1 наурызында аяқталады.