City Transportation Systems компаниясы хабарлағандай, жол жөндеу жұмыстары Достық көшесінен Орынбор көшесіне дейінгі аралықта жүріп жатыр. Осыған байланысты № 15, 15А, 19, 21, 28, 32, 35, 43, 46, 50, 52, 54, 61, 70 автобустардың қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді.
Сонымен қатар жол жабындысы жүруге жарамды болғанға дейін № 5А, 6, 16 және 72 қоғамдық көліктері де уақытша өзге схема бойынша қатынайды.