Әлем • 15 Тамыз, 2022

Египетте шіркеудегі өрттен 41 адам көз жұмды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каирдің батысында орналасқан Гиза қаласында шіркеуден шыққан өрт 41 адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Египетте шіркеудегі өрттен 41 адам көз жұмды

Мысыр денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Әбу Сейфен шіркеуінде өрт шығып, зардап шеккен 12 адам ауруханаға жеткізілген. 

Оқиға орнына 37 өрт сөндіру көлігі жөнелтілді. Тергеудің алдын ала қорытындысы бойынша өрт шіркеу ғимаратының екінші қабатындағы ауаны баптау жүйесіндегі ақаудан шыққаны хабарланды. Өрт діни шеру кезінде шыққан. 

Мысыр президенті Абдельфаттах Ас-Сиси Гизадағы Әл-Мунир шіркеуіндегі өрттен кейінгі жағдайды жеке бақылап отырғанын айтты. 

Мемлекет басшысы барлық тиісті мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға қажетті шараларды қабылдауды тапсырғанын атап өтті. Абдельфаттах Ас-Сиси оқиғаның себептерін тез арада жоюды және зардап шеккендерге қажетті медициналық қызмет көрсетуді бұйырғанын айтты. 

Ас-Сиси телефон арқылы Копт православие шіркеуінің басшысы Тавадрос II-ге көңіл айтты.