Білім • 15 Тамыз, 2022

Қазақстанда ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқытылады

774 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылында Қазақстандағы мектеп оқушыларына арналған жаңа бағыттарды пысықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқытылады

«Оқу-ағарту министрлігінің аппарат жиналысында 2022-2023 оқу жылының жаңалықтары қаралды. Жаңа оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта 35 оқу аптасын, 2-11 сынып аралғында оқитындар үшін 36 оқу аптасын құрайды. Биыл қазақ тілінде білім алатын бірінші сынып оқушылары «Әліппе» мен «Ана тілін» ғана оқиды. Ал орыс тілін екінші сыныптан, ағылшын тілін үшінші сыныптан бастап меңгереді», делінген ведомство мәліметінде .

5 - 11 сыныпта оқитын балалар үшін вариативтік компонентке «Жаһандық құзыреттер» курсы енгізіледі. Әдістемелік нұсқау хатта вариативті компоненттегі сағаттарды ұтымды пайдалану, инклюзивті білім беруді жүзеге асыру, сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бойынша нақты ұсыныстар көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Кеше

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Кеше

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Кеше

Смағұл сапасы

Тұлға • Кеше

Мұстахара

Жәдігер • Кеше

Керек дерек

Digital • Кеше

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Кеше