Коронавирус • 16 Тамыз, 2022

Қазақстанда 9,5 миллионнан астам адам екпе салдырған

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК ұсынған жаңа деректерге қарағанда, Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 572 613 адам, екінші компонентін 9 351 702 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 9,5 миллионнан астам адам екпе салдырған

Pfizer вакцинасының бірінші дозасын 1 237 224 қазақстандық салдырса, екінші дозасымен 1 193 477 азамат егілді.

Оның ішінде, бірінші компонентін жасөспірімдердің 873 431-і, жүкті әйелдердің 41 579-ы, бала емізетін аналардың 145 345-і қабылдаған. Ал екінші компонентімен жасөспірімдердің 857 195-і, жүкті әйелдердің 39 335-і, бала емізетін аналардың 141 661-і егілді.